Үздiк кәсiпорындар «Алтын сапа» сыйлығымен марапатталды

Baq.kz
Биыл «Алтын сапа» байқауында 101 компания бақ сынады.
Бүгiн елордада үздiк кәсiпорындарға Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алтын сапа» сыйлығы табысталды, - деп хабарлайды Baq.kz.

Биыл «Алтын сапа» байқауында 101 компания бақ сынады. Сыйлықтар «Үздiк инновациялық жоба», «Үздiк индустриялық жоба», «Сапа көшбасшысы», «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын», «Халыққа тауар шығаратын үздiк кәсiпорын», «Қызмет көрсететiн үздiк кәсiпорын», «Азық-түлiк және ауылшаруышылық өнiмiн шығаратын үздiк кәсiпорын» аталымдары бойынша берiлдi.

ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев бастаған жоғары лауазымды тұлғалар қатысқан шарада «Алтын сапа» сыйлығы негiзiнен елiмiздiң өңiр-өңiрiнен келген кәсiпорындарға табысталды. Атап айтсақ, «РауанНалко» ЖШС, «Каскор-Машзавод» АҚ, «Алматы өнiмi» ЖШС, «Жаркент Крахмал-сiрне зауыты» ЖШС, «Planta» ЖШС, «Медикер - өнеркәсiп медицинасы» ЖШС, «Дефектоскопия» ҮЕҰ ЖШС, «Скулбас» ЖШС, «Avagro» ЖШС, «Giessenhaus» ЖШС, «Recycling Company» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС, «Абзал және Компания» сыйлыққа ие болды.
«Алтын сапа» сыйлығы 12 жыл қатарынан байқау негiзiнде талапкер кәсiпорынның өнiмi немесе қызмет көрсету сапасы мен олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы жетiстiктерi, сондай-ақ, менеджмент жүйелерiн енгiзгенi үшiн үш жыл сайын берiледi. Байқау ұйымдастырылған 12 жылда Мемлекет басшысының сыйлығын 86 кәсiпорын иеленген.

Бүгiн сондай-ақ, «Парыз», «Iскер» сыйлықтары табысталды. Лайық жүлделерiн «Қазақстанның үздiк тауары» республикалық көрме-байқауының дипломанттары алды және де «Ұлы дала елi» брендi» анықталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді