Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі балалары бар 250 анаға кеш ұйымдастырылды

Фото: Аktobenews.kz
Арнайы концерттік бағдарлама қойылып, қайсар аналарға құрмет көрсетілді.
Халықаралық мүгедектер күніне орай ұйымдастырылған «Ана жүрегі» атты кешке 250 ана қонақ болды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Шараны «Ғажап» мүгедек балалар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Кеш барысында сәбидің сырқатымен күресіп жүрген аналар өздерінің қиын тағдырларымен бөлісіп, бір-бірімен ой алысты. Арнайы концерттік бағдарлама қойылып, қайсар аналарға құрмет көрсетілді.

Қазіргі таңда «Ғажап» мүгедек балалар қоғамдық бірлестігінде 320 бала тіркеуде тұр. Арнайы логопед, дефектолог, психолог, массаж, ЛФК мамандары сырқат балалармен жұмыс жасайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзі: толық мәтін

Тоқаев Иордания короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Рамазан-2026, Ораза және Құрбан айт: Қазақстандағы діни мерекелер кестесі жарияланды