7 жасар қыз сериалдағы көріністі қайталаймын деп тірідей өртеніп кетті

Фото: Stan.kz
Ол сүйікті кейіпкерінің жалын ортасында билеген биін орындамақ болған.
Үндістанның оңтүстік-батысында тұратын 7 жасар Праттана телехикаядағы көріністі қайталаймын деп тірідей өртеніп кетті. Жантүршігерлік оқиға орын алған сәтте ересектер үйде болмаған. Бұл туралы шетелдік Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жеткіншек “Нандини” телехикаясындағы би көрінісін қайталаймын деп үйде от жаққан. Ол сүйікті кейіпкерінің жалын ортасында билеген биін орындамақ болған.

Праттана өртеніп жатқан сәтте оның кішкентай сіңлісі көршілерден көмек сұрап барған. Олар өртті ауыздықтап, жедел жәрдем шақыртыпты. Алайда кешігіп қалған. Бүлдіршін бір күннен кейін денесіндегі жарақат салдарынан көз жұмған-ды.

Үндістан полициясы ата-анасының кінәсін анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізуде. Кінә дәлелденген жағдайда, баласына салғырт қараған ата-ана жазалануы мүмкін.



Айта кетейік, “Нандини” – Үндістандағы ең қымбат телехикаялардың бірі саналады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды