КХДР-дан қашпақ болған солдат жантүршігерлік жағдайға ұшырады

Фото: Life.ru
Ер адам ағзасынан паразиттер табылған.

КХДР солдаты өз елінен Оңтүстік Кореяға қашпақ болған. Алайда осы кезде оған солтүстік кореялық солдаттар оқ жаудырып нәтижесінде ер адам жараланып қалған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Life-қа сілтеме беріп хабарлайды.

Оңтүстік Корея жағы солдатқа көмектесіп оны ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер тиісті зерттеулерді жүргізген соң, ер адам ағзасынан паразиттер табылған.

Оңтүстік кореялық дәрігер өзінің тәжірибесінде мұндай сұмдық жағдайды кездестірмегенін айтады.

«20 жылдық тәжірибемде мұндайды көрген жоқпын. Оның ағзасында 26 сантиметр ұзындықтағы паразиттер болған. Басынан өткерген жағдайлардан кейін оның тірі қалуы екіталай еді», - дейді ол.

Дәрігерлердің айтуынша, паразиттер солдат ішіне бұзылған тағам арқылы енуі мүмкін еді. Солтүстік Кореяда азық-түліктерді өсіру кезінде оны адам нәжісімен тыңайтады дейді олар. Егер азық-түлікті арнайы заттармен тыңайтпаса, паразиттер адам ағзасына көкөністерді жеген кезде енуі мүмкін екен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы