Көкшетау тұрғындары қаржы пирамидасына алданып қалды

Фото: Sputniknews.kz
Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды.

Көкшетауда қаржы пирамидасына алданған 45 адам полицияға жүгінді, қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкшетау ішкі істер басқармасы ҚР ҚК 217-бабы 2-тармағы (қаржы пирамидасын құру және басқару) бойынша ЖК құрылтайшысы – 31 жастағы көкшетаулық әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда қаланың 45 тұрғыны полицяға шағымданды.

Кәсіпорын желілік маркетинг принципімен бір айдай жұмыс істеген. Құрылтайшы Көкшетау тұрғындарының сеніміне кіріп, оларды пирамидаға тартқан. Ол тұрғындардан 30 мың теңге алып, 30 күн ішінде ақшаны 300 %-ға ұлғайтуға уәде еткен. Егер салымшы өзінің артынан тағы бір клиент кіргізсе, онда ол әр адамнан 30 мың теңге көлемінде "бонус" алуы тиіс болған. Жәбірленушілердің айтуынша, кәсіпорын өзін банкрот деп жариялап, салынған ақша сол күйі қайтарылмапты.

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды. Тергеу тобы құрылып, жәбірленушілер мен куәгерлерден жауап алынуда. Сондай-ақ кәсіпорынның барлық құжаты тексеріліп жатыр.

Осы орайда полиция азаматтарға барынша сақ болуға, күмәнді қаржы компанияларына ақша салмауға кеңес береді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз