Семейде 10 қабатты үйдің шатырына шығып кеткен бала құтқарылды

www.inform.kz
Оның жоғары қалай шыққаны белгісіз. Баланың сөйлеуде кемістігі бар.

ШҚО құтқарушылары 10 қабатты үйдің шатырына шығып алған баланы құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«5 желтоқсан күні 17 сағат 14 минутта «112» нөміріне хабарласқан тұрғындар Докучаев көшесіндегі 10 қабатты үйдің шатырында баланың тұрғанын хабарлады. Ақпарат түскен сәтте-ақ, Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің Семей қаласындағы №2 жасағының құтқарушылар бригадасы оқиға орнына аттанды», - деп хабарлады ШҚО ТЖД Семей қалалық Төтенше жағдайлар басқармасынан.


Оқиға орнында құтқарушылар, полицейлер мен пәтер иелері кооперативінің (ПИК) қызметкері шатырға шығатын есікті кілтпен ашып, баланы төмен түсіріп алған. Жас «руфер» бар болғаны 10 жаста. Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында 2007 жылы туған баланың психоневрологиялық диспансердің есебінде тұрғаны анықталды.

Баланың өзі жер үйде тұрады. 10 қабатты үйдің шатырына шығатын барлық есіктер жабық болған. Оның жоғары қалай шыққаны белгісіз.

Баланың сөйлеуде кемістігі бар.

«ПИК қызметкерлерінің бірі шатырға шыққанда, бала да соңынан еріп, сонда қалып қойған болуы мүмкін. Құтқарушылар ата-аналардан өз балаларына жіті қарауды және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолға алуды сұрайды», - делінген таратылған хабарламада.

Фото: www.inform.kz

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды