ҚР ІІМ Қытайдан ұшақ сатып алады

Сурет: zakon.kz
15 желтоқсаннан кейін біз Қытайдан ұшақ әкелеміз - Қасымов.

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов осы жылдың 11 айындағы мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындысы мәселесін талқылай отырып, ведомствоға бөлінген қаржының барлығының толық көлемде игерілгенін айтып өтті, - деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бүгінде бізде бюджет қаражатының 94,3 пайызы игерілді. Ал 16 миллиард 65 миллион теңге игерілмей қалды. 15 желтоқсаннан кейін біз Қытайдан ұшақ әкелеміз. Осы қаражатты толық көлемде игеруіміз керек", - деді ішкі істер министрі.

"Сондай-ақ, 20 желтоқсанға қарай С300 кешенін қабылдауды жоспарлап отырмыз", - деді Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов.

"Жылды да осындай көрсеткішпен аяқтауымыз керек", - деді Сағынтаев әкімдер мен министрлерге.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев