Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға Қазақстаннан тұңғыш рет үш спортшы қатысады

Фото: Qamshy.kz
Үшінші жолдамаға кім иелік ететіні желтоқсан айының соңында белгілі болады.

Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтетін XXIII қысқы Олимпиада ойындарына мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет Қазақстаннан үш спортшы қатысады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған дейін спорттық додалардың төресі саналатын Олимпиада ойындарына спорттың бұл түрінен Денис Тен мен Элизабет Тұрсынбаева жолдама жеңіп алған болатын. Сондай-ақ, Элизабет Тұрсынбаеваның әлем чемпионатындағы көрсеткішінің нәтижесінде Қазақстан тағы бір лицензияға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болды.

Енді осы үшінші жолдамаға кім иелік ететіні желтоқсан айының соңында ел біріншілігінде белгілі болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті