Маңғыстау облысында киік атқан Өзбекстан азаматы ұсталды

Фото: inform.kz
Киіктің аналығын заңсыз атқан үшін 350 АЕК көлемде айыппұл салынады.

Маңғыстау облысы аумағында киікті заңсыз атқан Өзбекстан азаматы ұсталды. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында мәлім етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2017 жылғы 12 желтоқсанда «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК өңірлік филиалының инспекторлары Маңғыстау облысы Бейнеу ауылының Үшқатын елді мекенінде Бейнеу ауылының және Өзбекстан Республикасының азаматын заңсыз киік атқаны үшін құрықтады. Тексеріс барысында 2 бас аналық киік, 12 калибрлі аңшы мылтығы, 6 дана «АЗОТ» маркалы 12 калибрлі оқ және 1 пышақ табылды»,- деп жазды С. Ділдахмет. Аталған іс бойынша Бейнеу аудандық ІІБ-де қылмыстық іс қозғалды. Киіктің аналығын заңсыз атқан үшін 350 АЕК көлемде айыппұл салынады. Браконьерлер табиғатқа 1 588 300 теңге залал келтірген.

Бұдан бұрын хабарланғандай, таяуда Батыс Қазақстан облысында «Охотзоопром» инспекторлары заңсыз киік аулаған екі браконьерді қолға түсірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерге барып, көмек көрсетуде