Астанада "Red Bus" автобусымен тегін экскурсия жасауға болады

Фото: Sputniknews.kz
16-19 желтоқсан күндері сол жағалауда тегін экскурсия ұйымдастырылады.

Тәуелсіздік мерекесі күндері (16, 17, 18 және 19 желтоқсан) Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары "Red Bus" екіқабатты экскурсиялық автобусымен сол жағалауда тегін саяхаттай алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Экскурсия "AiLand" (океанариум) ойын-сауық орталығынан басталып, "Хан шатыр" ОСО аялдамасы, "Мәңгілік Ел" триумфальді қақпасы, "MEGA SilkWay" ОСО, Ұлттық музей мен "Астана Бәйтерекпен" аяқталады.

Барлық сұрақ бойынша call-орталыққа: +7 777 555 75 75, 77-90-99, Instagram желісіндегі @redbus.kz аккаунтына хабарласуға болады. Экскурсия барысында автобус салонында дыбыс күшейткіш арқылы қазақ және орыс тілінде аудиогид жүргізіледі (бір рейсте – қазақ тілінде, екінші рейсте – орыс тілінде). Ал бір ғана тілде тыңдағысы келгендер құлаққап киюі қажет.

Ал тегін мерекелік сырғанау кезінде жолаушыларға құлаққап берілмейді.

AiLand аялдамасынан автобустың жүретін уақыты:

— сағат 10:00

— сағат 11:30

— сағат 12:45

— сағат 14:30

— сағат 16:00

— сағат 17:15

— сағат 18:35

— сағат 20:00

— сағат 21:20

MEGAаялдамасынан автобустың жүретін уақыты:

— сағат 10:00

— сағат11:15

— сағат 12:45

— сағат 14:00

— сағат 15:45

— сағат 17:15

— сағат 18:30

— сағат 20:00

— сағат 21:15

— сағат 22:45

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз