8 жасар қыз өртке оранған үйден бауыры мен сіңлісін құтқарды

Sputniknews.kz
Кішкентай қыз лапылдаған жалыннан қорықпай үйге кіріп, бауырларын алып шығыпты.

Көкшетауда жанып жатқан үйден сіңлісі мен бауырын алып шыққан қызға алғыс хат ұсынылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақмола облысы құтқарушылары ҚР ІІМ ТЖД төрағасы атынан 8 жастағы оқушы қызды алғыс хат және бағалы сыйлықпен салтанатты түрде марапаттады.

"Көкшетау қаласы Красный Яр ауылының №3 мектебінде 3 сыныпта оқитын Совет Ұлдана Дәуірқызы үлкен ерлік жасады. Оқушы 9 қарашада өртке оранған үйден сіңлісі мен бауырын алып шықты", — делінген ТЖД хабарламасында.

Сол күні балалардың анасы түнгі ауысымға жұмысқа кетіпті. Ал ересек қыздары туыстарына кеткен екен. Түн ішінде үйден өрт шығады, 8 жастағы қыз құтқарушылар келгенше кішкентай балаларды алып шыққан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды