Енді сотталғандар қамауда отырып жоғары білім мен диплом алатын болды

Stan.kz
Олар бостандыққа шыққан кезде өзгелер сияқты жұмыс істеп кетуі үшін осындай жағдай жасалынып жатыр екен.

Қазақстанда сотталғандар абақтыда отырып жоғары білім ала алады. Олар бостандыққа шыққан кезде өзгелер сияқты жұмыс істеп кетуі үшін осындай жағдай жасалынып жатыр екен. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, енді сотталғандарды оқыту үшін жаңа технологиялар пайдаланылмақ, - деп жазады Stan.kz.

Ол үшін мемлекет үкіметтік емес ұйымдармен арада 55 млн теңгенің шартын жасаған. Бұл мәселе бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері және аталған университет комиссияның көшпелі отырысында талқыланды. Жиында сотталғандарға мамандық алу, жұмысқа орналасу мәселесі бойынша білім беру қажеттігі көтерілді.

«Сотталғандарды әлеуметті ортаға қайта бейімдеу – көкейтесті мәселелердің бірі, оның шешімі тек құқық қорғау органдары емес, нақты мемлекет және азаматтық қоғам институттарына тәуелді. Бұл мәселе әсіресе Білім және ғылым министрлігі мен жоғары оқу орындарымен тығыз байланысты.

Шетелдік тәжірибені пайдалана отырып, Қазақстан сотталғандарды әлеуметтік бейімдеудің жеке процесін әзірледі. Онда еңбек нарығындағы талаптар, бәсекеге қабілеттілік, құзыреттілік, қойылған міндеттерді шеше білу мәселесіне мән берілген.

«Сотталғандарды әлеуметтік ортаға қайта бейімдеу бағытында ҮЕҰ және қоғамдық бірлестіктермен 292 меморандум жасалды, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жалпы сомасы 55 млн теңгеге 15 шарт жасалды», – дейді ҚР ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

ІІМ баспасөз қызметі сотталғандардың білім алуы жөніндегі пилоттық жоба Алматы және Павлодар облыстарында жүзеге асырылғалы отырғанын жеткізді.

«Жобада білім берудің тек дәстүрлі жүйесі ғана емес, жаңа технологиялар пайдаланылатын болады. Яғни, жоспар бойынша сотталғандарға жоғары оқу орындарында қашықтықтан білім алуға мүмкіндік берілмек. Сотталғандар интернет және кейс-технологиялар арқылы қашықтықтан білім алмақ», – делінген хабарламада.

Жобаны әзірлеуге мемлекеттік органдардың өкілдері, ұлттық және Орталық Азиядағы Penal Reform International (Халықаралық түрме реформасы) өкілдік атынан шетелдік сарапшылар, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мамандары тартылған.

Пилоттық жоба Алматы облысының Заречный кентіндегі ЛА-155/8 және Павлодар қаласында орналасқан АП-162/3 мекемелерінде жүзеге асырыла бастайды. ІІМ баспасөз қызметі жоба жұмысы 2018 жылдың 1-ші тоқсанда басталатанын жеткізді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты