Синоптиктер Жаңа жылда қандай ауа райы болатынын айтты

stan.kz
Жаңа жылда ауа райы тұрақты, жауын-шашынсыз болады.

"Қазгидромет" РМК ауа райының қысқа мерзімді болжамдар басқармасының басшысы Ардақ Қалменова Жаңа жыл мерекесінде қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Жаңа жылда ауа райы тұрақты, жауын-шашынсыз болады.

"Қазақстанның барлық облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Батыста ауа температурасы 10-15, кей жерлерде 20 градус, солтүстікте 20-25, кейбір аудандарда 28 градус, шығыс аймақтарда 20-25, кей жерлерде 30 градус, ал оңтүстік аймақтарда 5-10, кейбір аудандарда 15-20 градус аяз аяз болады", — деді Қалменова.

Қазгидромет өкілі барлық өңірде таңертең және түнде тұман түсетінін айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі