Павлодарда аукцион арқылы автомобиль сатқан «компания қызметкері» ұсталды

Zakon.kz
Жұмыс істемейтін ауыл тұрғыны адамдардың сеніміне кіріп, ірі көлемде ақша табуды ойлаған.

Павлодарда полицейлер өзін ірі компания жұмыскері ретінде таныстырып, азаматтарға аукцион арқылы өте төмен бағамен автомобиль және арнайы техникалар сатып алуды ұсынған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Еш жерде жұмыс істемейтін 27 жастағы ауыл тұрғыны адамдардың сеніміне кіріп, ірі көлемде ақша табуды ойлаған.

- Ол үлкен компаниялар мен кәсіпорындарда мүлікті сату жөнінде аукцион өтіп жатқанын білгеннен кейін таныстары мен туыстары арқылы ірі көлемде ақшасы бар немесе банктен несие алуға қауқарлы адамдар туралы ақпарат жинаған. Осылайша, алаяқ тұрғындарға төмен бағамен аукцион арқылы арнайы техникалар мен автомашиналар сатып алуды ұсынған, - дейді департаментте.

Сенімділікті арттыру үшін техникалар мен автомашиналардың суреттерін WhatsApp арқылы жіберген. Соңынан темір тұлпарларын қолайлы бағаға сатып алу үшін ақшалай беріп жіберуді сұраған. Қаражат қолына тиісімен алаяқтың телефоны өшіп, көзден ғайып болады.

Қаскүнемдердің мұндай әрекетінен бес павлодарлық зардап шеккен. Нәтижесінде келтірілген залал сомасы 2-27 миллион теңгені құрайды. Қолға түсірген ақшаны күдіктілер өзара бөліскен.

Барлық алаяқтық фактілер арқылы тергеу бойынша тіркелген бір қылмыстық іс шығынды өндірумен аяқталып, прокуратураға жолданған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды