Бұрынғы сенат депутатының ұлы Асқар Жұмабаев Нью-Йоркте қайтыс болды

Sputniknews.kz
Бастапқы мәлімет бойынша, ер адамның жүрегі тоқтап қалыпты.

"Болашақ" бағдарламасының магистранты, Қазақстанның бұрынғы сенаторы Ермек Жұмабаевтың ұлы – Асқар Жұмабаев Нью-Йоркте қайтыс болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нью-Йорктегі біздің бас консулдықтың жәрдемімен марқұмның денесі бүгін түнде Қазақстанға жеткізілді. Дәрігерлердің қорытындысы бойынша, жүрегі тоқтап, көз жұмған", — деп хабарлайды ведомство.

Асқар Жұмабаев "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқып жүрген. Әкесі Ермек Жұмабаев 1995-2014 жылдары Қазақстан сенатының депутаты болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды