Айза Имамбек Қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан ел намысын қорғайтын болды

ҚазАқпарат
Олимпиадада өнер көрсететін спортшыны анықтау үшін Астанада Қазақстан чемпионаты өткен болатын.

Оңтүстік Кореяда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан атынан Элизабет Тұрсынбаевамен бірге Айза Имамбек баратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

Қыздар арасында Элизабетпен бірге Олимпиадада өнер көрсететін спортшыны анықтау үшін Астанада Қазақстан чемпионаты өткен болатын.

Оқырманның есінде болса, Хельсинкиде өткен әлем чемпионатында Элизабет Тұрсынбаева 9-орын алып, Қазақстанның қоржынына Олимпиаданың екі бірдей жолдамасын алып берген еді. Тартысты чемпионатта Айза негізгі үміткер Жансая Әдіхановадан басым түсіп, Қысқы Олимпиадада ел намысын қорғайтын екі мәнерлеп сырғанаушының бірі болып отыр.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың ақпан айының 9-25 ақпаны аралығында Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында XXIII Қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Олимпиада ойындарына 84 мемлекеттің спортшылары қысқы спорттың 15 түрінен өзара бақ сынаспақ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін