Жер бетіндегі халық саны 2018 жылы қаншаға жететіні белгілі болды

Sn.kz
Бұған дейін аталған бюро 2050 жылы әлемде 9 млрд адам болады деп болжаған еді.

Жер бетіндегі халық саны 2018 жылдың басында 7,5 млрд адамға жетуі мүмкін деп мәлімдеді ТАСС, - деп жазады Sn.kz.

«1 қаңтарда жер бетіндегі халық саны 7 444 443 881 адамға жетеді. Бейсенбіде АҚШ халық санағы бюросының мамандары осындай болжамдарын жасады», – делінген жұмада жарияланған мақалада.

Сарапшылар мәліметінше, 2017 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 2018 жылдың 1 қаңтарында Жер бетінің халқы 78,5 млн адамға артады. Өсім 1,07% құрайды.

Келер жылдың қаңтарында әр секунд сайын орта есеппен өмірге 4,3 бала келіп, 1,8 адам қайтыс болады.

Бұған дейін аталған бюро 2050 жылы әлемде 9 млрд адам болады деп болжаған еді.

XI ғасырдың басында Жер бетінде 310 млн адам тұрған, 1900 жылы – 1,6 млрд адам. 6 миллиардтық белгіден 1999 жылы өтіп кеттік. 2011 жылы халық саны 7 млрд адамға жетті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Шағын футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Венгрия құрамасын ұтып, финалға жолдама алды

Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды