Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында үш биге ескерткіш орнатылды

Аktobenews.kz
Төле, Қазыбек, Әйтеке билерге арналған еңселі ескерткіш бой көтерді.

Мұғалжар аудандық сотының алдында орналасқан орталық саябақта Төле, Қазыбек, Әйтеке билерге арналған еңселі ескерткіш бой көтерді, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ескерткіштің ашылу салтанатына Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов, аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы, аудан прокуроры, мемлекеттік мекеме басшылары мен аудан тұрғындары қатысты.

Шараның барысында Мұғалжар аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Ж. Сейтжапаров жиынға қатысушыларды «Үш би» ескерткішінің ашылу салтанатымен құттықтап, XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың бірінші жартысында Ұлы дала медиаторы атанып, аңызға айналған атақты үш би – Төле, Қазыбек, Әйтеке билер туралы сөз қозғады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін