Алматы тұрғындары автобустың аялдамаға қашан келетінін біле алатын болды

Sputniknews.kz
Енді қоғамдық көліктің қозғалысын онлайн бақылауға болады

Алматыда жолаушылар қоғамдық көліктің қайда келе жатқанын смартфон арқылы онлайн режимде біліп отыратын болды, деп хабарлайды "Оңай Pay" баспасөз қызметі.

Ұйымның хабарлауынша, жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін Алматы автобустарының қозғалысын онлайн режимде бақылап отыру функциясы іске қосылды.

"Оңай" қосымшасының "Бағдарлар" бөлімінде керекті бағдарды таңдап, қоғамдық көліктің аялдамаға қаншалықты жақын екенін білуге болады. Сонымен бірге, ең тиімді бағдарды анықтап, сол автобустың/троллейбустың қозғалысын бақылай аласыз.

"Oңай Pay" директоры Александр Зайкиннің сөзіне сүйенсек, қолданушы бағдардың бастапқы және соңғы нүктесін белгілесе, сервис сол параметрлерге сәйкес келетін қоғамдық көліктер мен жолға кететін уақыт мөлшерін ұсынады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме