Алматыда подполковник пен капитан парамен ұсталды

Sputniknews.kz
Полицейлер 30 мың АҚШ долларын алды деген күдікке ілінді.

ҚР ішкі істер министрлігінің қызметкерлері пара алып жатқан жерінен ұсталды. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Үшінші қаңтар күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы департаменті ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының жедел уәкілі полиция подполковнигі А.Григорьев пен ҚР ІІМ Тергеу департаментінің аға тергеушісі полиция капитаны А.Нұрболатовты жеке тұлғадан қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан жерінен ұстады", — деді Нұрлан Жахин.

Күдіктілер Алматы ішкі істер департаментінің уақытша ұстау абақтысына жабылды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды