Марк Цукерберг алдағы жоспарымен бөлісті

Baq.kz
Марк Цукерберг табысты болу үшін алдына жаңа мақсаттар қоятынын атап өтті.

«Facebook» әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг осы жылға жасаған жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бұл туралы ол өзінің жеке парақшасында жазды.

Алдымен Марк Цукерберг табысты болу үшін алдына жаңа мақсаттар қоятынын атап өтті.

«Мен жаңа дүниелерді білу үшін жыл сайын алдыма мақсаттар қоямын. Американың әрбір штатында болдым. 365 миль жүріп өттім. 25 кітап оқып, мандарин (ресми қытай тілі – автор) үйрендім», - дейді Цукерберг.

Сонымен қатар ол алдағы жылы «Facebook» әлеуметтік желісін одан әрі жетілдіре түсетінін хабарлады.

«Facebook»-те істейтін жұмыс өте көп. Ол - біздің қауымдастықты арам мақсатта пайдаланудан қорғау, мемлекеттердің желі ісіне араласуына жол бермеу немесе қолданушылардың «Facebook»-те уақытын пайдалы өткізуіне жағдай жасау. 2018 жылдағы менің мақсатым – осы аталған маңызды мәселелерге назар аудару» - дейді Марк Цукерберг.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды