Алматы облысында сүйіктісіне қашып кеткен қыз ата-анасына қайтарылды

Stan.kz
Бір апта бойы іздестірілген қыз табылды.

Алматы облысында бір апта бойы іздестірілген қыз табылды. 17 жастағы қыз сүйіктісіне қашып кеткен. Бұл туралы облыстық ІІД хабарлады, - деп жазады Stan.kz.

Алматы облысының полицейлері жаңа жылдық мерекеден кейін үйінен шығып кеткен 17 жастағы қызға іздеу салды.

«Қаратал ауданының полицейлеріне Үштөбе қаласының 38 жастағы тұрғыны шағымданды. Оның айтуынша, 1 қаңтар күні кәмелеттік жасқа толмаған қызы үйден шығып кетіп, оралмаған. Өз беттерінше іздеу жұмыстарын жүргізген, бірақ нәтиже бермепті», – деді облыстық ІІД баспасөз қызметі өкілі.

Жоғалған қыз Алматы қаласындағы жігіті тұратын үйден табылды. Қыздың сүйіктісі де Үштөбе қаласының тұрғыны болып шықты. Іздестіру барысында олардың қайда тұратыны анықталды.

“Қазір кәмелеттік жасқа толмаған студент қыз ата-анасымен бірге. Қыз есепке қойылды. Полицейлер оған түсіндіру жұмыстарын жүргізді”, – дейді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты