Шекарада ұйықтап қалған қостанайлық сарбаз сот алдында жауап берді

Sputniknews.kz
Әскери қызметші кінәсін мойындап, ісіне өкініп отыр.

Қостанай облысының Қарабалық аудандық сотында шекара бекетінде ұйықтап қалған 22 жастағы әскери қызметшіге қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Алау" өңірлік басылымына сілтеме жасап.

Іс материалдарына сүйенсек, 2017 жылдың 11 қазанында шекара қызметінің әскери қызметшісі қызмет бабында ұйықтап қалған. Сарбаз кінәсін толық мойындап, әскери бөлімде келісімшартпен жұмыс істейтінін айтты.

"Сол күні таңғы жетіде ол қызметіне кіріскен. Сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі техникалық үзіліс арасында жігіт ұйықтап қалған. Үзіліс біткеннен кейін де ұйықтағаны белгілі болды. Оны басқа бір азамат оятқан. Кінәсін мойындап, ісіне өкініп отыр", — деп мәлімдеді сотта.

Істі қарау қорытындысы бойынша әскери қызметшіге 25 АЕК (60 125 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді

Алматы метросындағы жанжал: екі жолаушы жауапқа тартылды