Алаяқтар Қайрат Нұртастың фильмін желіге заңсыз жүктеп жіберген

Stan.kz
Режиссер не себепті фильмнің желіден алынып тасталғанын түсіндірді.

Қайрат Нұртастың “Арман/Когда ангелы спят” фильмін белгісіз біреулер рұқсатсыз желіге жүктеп жіберген. Кинокартинаны небәрі бірнеше сағатта 125 мың адам тамашалап үлгеріпті. Алайда пираттық нұсқа болғандықтан, KN продюсерлік орталығы фильмді бұғаттап тастаған, деп хабарлайды Stan.kz.

“Когда ангелы спят” фильмі ғаламторға жүктелген соң, авторлық құқық иелері оны бұғаттап тастады. Себебі кинокартинаның пираттық нұсқасы заңсыз жүктелген”, – деп түсіндірді фильм режиссері Рашид Сүлейменов.

Режиссер не себепті фильмнің желіден алынып тасталғанын түсіндірді. Сондай-ақ, қызығушылық танытқан көрерменге алғыс айтты.

“Бұл фильм әлі де Қырғызстан мен Ресейдің кей аймақтарында көрсетіліп жатыр. Сондықтан да құқық иесі KN Production картинаны ғаламтордан алып тастады. Дегенмен бірнеше сағат ішінде фильмді 125 мың адам тамашалап үлгеріпті. Демек көрерменнің сұранысы бар. Достар, фильмге қызығушылық танытқандарыңызға рақмет, тағы біраз шыдасаңыздар, продюсерлер туындыны YouTube-ке ақпан айында жүктеуге уәде берді”, – дейді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Құрбан айтта жасалатын амалдар мен тың деректер