Халықаралық терминдерді қазақ тіліне аудару қайта қаралады

sputniknews.kz
Мемлекет басшысы халықаралық терминдерді қазақ тіліне аудару тәжірибесін сынға алған еді.

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Мәдениет және спорт министрлігіне халықаралық терминдерді қазақ тіліне аудару тәсілдерін қайта қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Елбасы жолдауда қазақ тіліндегі терминология мәселесіне де ерекше назар аударды. Қалыптасқан халықаралық терминдерді аударып, қазақ тілін қиындатудың қажеті жоқ екенін атап көрсетті. Қайта біз латын графикасына көшу жағдайында халықаралық терминдерді тілімізге ыңғайлы, ұтымды пайдалану жағын қарауымыз керек. Осыған байланысты мәдениет және спорт министрлігі жалпы жұрт мақұлдаған әлемдегі терминдерді аударудың тәсілдерін қайта қарауы тиіс", — деп тапсырды Сағынтаев үкімет отырысында министр Мұхамедиұлына.

Айта кетсек, президент жолдауында халықаралық терминдерді қазақ тіліне аудару тәжірибесін сынаған болатын. Мемлекет басшысы тәсілдерді қайта қарастырып, терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындатуды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі