Теміртаудың ғарыштан түсірілген фотосуреттері ғалымдарды шошытты

stan.kz
Бұл фотосуреттер ғарыштан 7-ші қаңтарда таңертең түсірілген.

Қара күйе жамылған Теміртаудың ғарыштан түсірілген фотосуреттері пайда болды. Ғалымдардың осыдан кейінгі пайымы бойынша, қаланы басқан қою түтіннің метталургиялық комбинаттан шығып жатқанына еш күмән жоқ, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бұл фотосуреттер ғарыштан 7-ші қаңтарда таңертең түсірілген. Кадрларда жаңа жауған қардың сәл уақытта ақ-қара түске енгенін байқауға болады. Тәуелсіз экологтар қаланы комбинаттың түтіні басып жатқанын бірауыздан айтып отыр.

Дегенмен, қазір экология басқармасы мен «Қазгидромет» өкілдері қара күйенің қайдан келгенін әлі анықтап жатыр. Бүгін олар Теміраудың 5 бірдей жерінде ауадағы күкіртті сутек құрамының қалыптан асқанын мәлімдеді. Ал қорытынды нәтижелер 10 күннен кейін дайын болады.

Естеріңізге салсақ, қаңтардың басында қала тұрғындарының арызынан кейін Теміртау билігі экология басқармасына хат жолдаған.

Сол хатқа байланысты қазір жоспардан тыс тексерістер жүріп жатыр. Дегенмен, осы шаһардағы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы ауаны ластайтын түтінге бақылауды күшейткенін және соңғы 20 жылда қоршаған ортаға шығатын лас қалдықтардың 3 есеге азайғанын айтып, өздеріне шаң жуытар емес.

Автор: Саят Сабдалы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Сауле Базарханның өлімінен кейін депутат Денсаулық сақтау министрлігін қатаң тексеруге шақырды

Қорғауға жататын жеке деректердің тізбесін Конституция арқылы нақтылау ұсынылды