Талдықорғанда ата-анасы телефон ұстауға тыйым салған оқушы өзін өлтірді

Sputniknews.kz
Мектеп мұғалімдері қыздың тәртібі мен үлгерімі жақсы болғанын атап өтті.

Талдықорғандық оқушы ата-анасы ұялы телефон ұстауға тыйым салғаны үшін өзін өлтірді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Трагедия қаңтардың 21-інен 22-сіне қараған түні болған, өз-өзіне қол жұмсаған 2005 жылы туған қыз қаладағы ауруханалардың бірінде көз жұмды.

Суицид дерегін Талдықорған қалалық білім бөліміндегі мамандар растады.

"Шынымен де суицид жасалғанын растаймыз. Қыз ұялы телефонды күндіз-түні қолынан тастамағандықтан ата-анасы оған ескерту жасағаны анықталды. Біраз уақыттан кейін ол өзіне қол салған. Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр", — деп хабарлады Талдықорған әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Данияр Жаныс
.

Қазіргі таңда облыс орталығының оқу орындарында психологтар мұндай трагедияның алдын алу мақсатында профилактикалық сипаттағы сабақтар өткізіп жатыр.

Жалпы білім беретін мектептің мұғалімдері көз жұмған қыз құрдастары арасында тәртібімен және жақсы үлгерімімен ерекшеленгенін атап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды