Олимпиадаға шорт-тректен қосымша кімдердің қатысатыны белгілі болды

ҚазАқпарат
Бұдан бұрын Қазақстан құрамасы он жолдама иеленген болатын.

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының тағы екі жолдама иеленуіне байланысты Олимпиадаға қосымша кімдердің қатысатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбековтің айтуынша, 1500 метр қашықтықта алдағы Олимпиадада Нұрберген Жұмағазиевпен бірге Еркебұлан Шамуханов бақ сынайтын болды. Сондай-ақ 5 мың метрлік ерлер эстафетасына қатысу үшін Қазақстан құрамасы сапында Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамуханов және резервте Мерсаид Жақсыбаев дайындалуда.

Бұдан бұрын Қазақстан құрамасы он жолдама иеленген болатын. Яғни 500 метрлік қашықтықта Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша және Нұрберген Жұмағазиев жүлде үшін таласқа түседі. Нұрберген сондай-ақ 1 мың және 1500 метрден бәйгеге қатысады. Қыздардан Анастасия Крестова 500, 1000 және 1500 метр қашықтықта бағын сынайды. Оған қоса Әлия Ким (Ким Йонг А) 1000 және 1500 метрден айдынға шығады.

«Қазіргі кезде Жапонияда жаттығудамыз. Олимпиада ойындарында медаль алу үшін барымызды саламыз», - деді Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды