Қазақстанда діни білімді шетелде алуға шектеулер қойылады

ҚазАқпарат
Өйткені елімізде заңнамаларды негізге ала отырып жұмыс істейтін 2600-ден астам мешіт, бірнеше ондаған білім беретін оқу орындар бар.

Діни білімді шетелде алуға қатысты Қазақстанда тиісті шектеулер енгізіледі. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заң жобасын таныстыру барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз үшін маңызды мәселелердің бірі діни білімді беруді және діни уағыз-насихатты міндетті түрде діни бірлестіктің құқығы бар азаматтар, яғни білікті мамандар ғана жүргізуі қажет деген ұстанымды қолдаймыз. Ол аса маңызды. Өйткені елімізде заңнамаларды негізге ала отырып, жұмыс істейтін 2600-ден астам мешітіміз, сондай-ақ бірнеше ондаған білім беретін оқу орындар бар. Осыған сәйкес, білікті адамдар да баршылық», - деді Қазақстанның Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз Мәжілісте тілшілерге берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, діни білімді жетік білмеген адамдар өз көзқарасын айтып, насихатқа кірісіп немесе теріс ағым мүшелерінің кейбір пәтерлерде топ құрып, сол жерлерде дәріс өткізіп жатқан тұстарына осы заң жобасында тиісті шешім қарастырылған.

Еліміз азаматтарының діни білімді өзіміздің отандық оқу орындарында білім алғаннан соң, яғни түбегейлі білімін қалыптастырғаннан кейін ғана, біліктілігін жетілдіру мақсатында шетелдегі басқа оқу орындарында жолдама беруге болады деген ұсыныстар орынды», - деп ойын білдірді Бас мүфти.

Өз кезегінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қазақстанда базалық діни білім алмағандарға діни білімді шетелге барып оқуына шектеу енгізу көзделіп отырғандығын нақтылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты