Павлодарда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды

Рavlodarnews.kz
Нәресте көрпешеге оралған күйінде жатқан.

Павлодарда Шөкин – Гагарин көшелерінің аумағында орналасқан қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Айта кетейік, Instagram әлеуметтік желісінде кеше, 29-қаңтар күні кешкі уақытта көшеден өтіп бара жатқан ер адам жаңа туған баланы тауып алғаны туралы ақпарат таралған.

Жарық дүние есігін енді ашқан сәбидің жағдайы туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ораз Мұқашев айтты.

- Нәрестенің дені сау, - дейді Ораз Мұқашев. – Көрпешеге оралған күйінде жатқан. Кеше жедел жәрдем мамандары перинаталдық орталыққа жеткізгені туралы баяндады. Дене температурасы 35,4 градусты құраған сәбиге жансақтау шаралары жүргізілді. Бүгінгі таңда жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. Сараптама нәтижесі суық тигенін көрсетуде.

Оның қанша уақыт далада жатқаны белгісіз. Ұл бала. Салмағы - үш жарым келі. Бұл жағдай жөнінде ішкі істер органдарына хабарланды. Оның айтуынша, айы-күні жетіліп туған ұл балаға шамамен 10-12 күн болған.

2018 жылы 1-қаңтардан бастап облыста 570 ұл бала дүниеге келген. Қазіргі таңда барлық құжаттар бойынша тексеру жүргізілуде. Соңғы төрт айдың ішінде Ертіс өңірінде өз баласынан бар тартқан 10-нан астам жағдай тіркелген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз