Қызғанышқа булыққан келіншек жігітінің әуретті жерін кесіп тастады

www.destiny.ru
Күдікті жігітінің телефонынан басқа қыз туралы хабарламаны көріп қалған.

Астанада 36 жастағы әйел танысының денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін күдіктелуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы, Есіл ауданы, №2 аудандық сотының тергеу судьясының қаулысы интернет және хабарламалар арқылы таратылды. Алдын ала тергеу деректері бойынша, ағымдағы жылдың 21 қаңтарында, азаматша Н. жігітінің телефонынан қарындасымен жазысқан хатын көреді, онда ол басқа қыз туралы жазады, оны мақтайды. Сондай-ақ, азамтша Н. досының телефонынан басқа әйелдердің суретін де көрген.

Содан кейін күдікті досына жақын қарым-қатынасқа баруды ұсынып, оның қол-аяғын мойынорағышпен төсекке байлап тастаған. Алдымен ол оған ұйықтату үшін белгісіз екі дәрі берген. Түнгі сағат екі шамасында күдікті байланып жатқан жігітіне басқа қызға қатысты өзінің арызын айтып, оны алюминий таяқпен ұра бастаған.

Күдікті онымен ғана шектелмеген. Тергеу нәтижесі бойынша, азаматша Н. Лидокаин уколын салып, ер адамның әуретті жерін скальпельмен тіліп, кесіп тастаған. Соның салдарынан қан тоқтамай ағып, күдікті өз көлігімен жәбірленушіні ауруханаға жеткізген. Полиция қызметкерлері күдіктіні сол жерде қолға түсірген.

Әйел адам қасақана ауыр дене жарақатын келтіргені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-тармағы бойынша күдікті деп танылды.

Астана қаласы ІІД баспасөз қызметі ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сүйеніп, түсініктеме беруден бас тартты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін