Синоптиктер алдағы үш тәулікке болжам жасады

Sputniknews.kz
1-3 ақпан аралығында қар жауып, батыстан қатты жел, боран соғады.

"Қазгидромет" РМК мамандары 1-3 ақпан аралығына ауа райы болжамын жасады.

"Атлантикалық циклонмен байланысты жылы ауа массалары Қазақстанға өте баяу жылжып жатыр. Бұған республиканың ауа-райына суық және қуатты Сібір антициклонының әсер етуі себеп болып отыр. Бірақ басталған жылу енді тоқтамайды", — деп жазылған хабарламада.

Алдағы үш тәулікте циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағы арқылы өтіп, температураны көтереді, сондай-ақ, қар жауып, батыстан қатты жел, боран соғады, оңтүстікте көктайғақ болуы мүмкін. Осы кезеңде ауа температурасы климаттық нормаға жуық болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы