Ақтауда КСК төрағасын балағаттаған зейнеткерге 60 мың теңге айыппұл салынды

Baq.kz
Оқыс жағдай өткен жылдың шілде айында тұрғындардың жиналысы өтіп жатқанда болды.

Ақтаудың 60 жастағы тұрғыны өзі тұрып жатқан тұрғын үйге қызмет көрсететін КСК төрағасына «ұры» және «алаяқ» деген сөздер айтқаны үшін айыппұл төлейді, деп хабарлайды Вaq.kz.

Маңғыстау облыстық сотының ақпаратына сәйкес, сот лингвистикалық сараптамасы бұл сөздер адамның ар-намысына тиеді деген қорытынды шығарды.

Оқыс жағдай өткен жылдың шілде айында тұрғындардың жиналысы өтіп жатқанда болды. Зейнеткер мұндай сөздерді ашумен айтқанын жеткізді. Өйткені КСК бес жыл бойы қаржылық есеп көрсетпей, тұрғындарды алдап, қызмет бағасын көтерген.

Болған жағдайдың видео және аудио жазбасы бар. Егде жастағы әйел өзін кәнілі деп санамайды.

Дегенмен, сот әйелді «Кеміту» бабына сәйкес кінәлі деп таныды және 25 АЕК (60 125 теңге) көлемінде айыппұл төлеу керек деген шешім шығарды. Енді оны зейнеткер әйел бір айдың ішінде төлеу керек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін