Путин Олимпиадаға жіберілмеген спортшыларды марапаттауды тапсырды

Baq.kz
Жарыстардың нәтижесінде спортшыларды олимпиада ойындары дәрежесінде марапаттауды тапсырды.

Ресей Федерациясы ХОК Олимпиадаға жолдама бермеген спортшыларға жеке жарыс ұйымдастырып, оларды қымбат жүлделермен марапаттайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің бұйрығымен ХОК Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы олимпиада ойындарына жіберілмеген отандық ойыншылар үшін жеке жарыстар ұйымдастырылып, олардың олимпиада ойындарындағыдай марапатталатындарын айтты.

«Ол осы жарыстардың нәтижесінде спортшыларды олимпиада ойындары дәрежесінде марапаттауды тапсырды», − дейді Песков.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Ресей билігі Пхенчхандағы жарысқа бара алмаған атлеттерді қолдайтындарын айтқан болатын. Мұнымен қатар, ХОК Ресей құрамасын 2018 жылғы Олимпиада ойындарына қатыстырмай қойды. Дәлірек айтсақ, аталған ойындарға допинг дауына қатысы жоқ аздаған спортшы ғана бейтарап тумен (бес шеңбер бейнеленген олимпиада ойындарының туы) бара алады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты