Павлодарда мешіт тарапынан 25 мұқтаж отбасына көмек көрсетілді

Рavlodarnews.kz
Мұқтаж болған 25 отбасына азық-түлік салынған пакеттер таратылып, қайырымды адамдардан жиналған әртүрлі киім-кешектер үлестірілді.

Павлодар облысы Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметі сәрсенбінің сәтінде кезекті қайырымдылық шарасын өткізді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Мұқтаж болған 25 отбасына азық-түлік салынған пакеттер таратылып (ұн, шай, сұйық май, күріш, қант, макарон өнімдері), қайырымды адамдардан жиналған әртүрлі киім-кешектер үлестірілді.

Павлодар облысы бойынша өкіл имам Нариман Ермекұлының айтуынша, «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметі 2015 жылдан бері арнайы сараптама арқылы тізімге алған көп балалы, жалғызбасты, мүгедек және қарт адамдардан тұратын 90-150 жуық отбасына көмек көрсетіп келеді. Сонымен қатар қалалық «Ақмешіт» мешіті мен «Әбу Бәкір Сыддық» мешіттерінде 2-3 жылдан бері қайырымды жандар арқылы жиналатын азық-түлік сақталып тұратын тоңазытқышы бар арнайы шкафтар орнатылған. Мұнда азық-түлікке мұқтаж отбасылар кез келген уақытта өздерінің қажетіне сай азық-түліктерді алып тұрады.

- Бұл шаралар мешіт жамағатын ізгілікке, қайырымдылыққа үйретуге, мұсылман адамда болуға тиіс ізгі қасиеттерді бойына сіңіруге көп әсерін тигізеді, - дейді Нариман Ермекұлы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты