Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайынан Сеулге Ұлттық олимпиада комитетінің қызметкерлері мен кешенді сыннан хабар тарататын тілшілер қауымы аттанды, деп хабарлайды Хабар 24.
Олардың арасында біздің арнаның спорт шолушысы Амангелді Сейтханов та бар. Спортшылар мен жаттықтырушылардың жағдайына жауапты мамандар, олимпиадалық қалашыққа ертерек барып, ұйымдастыру шараларын пысықтайды. Қазақстан құрамасының алғашқы легі кеше Оңтүстік Кореяға табан тірегенін айта кетейік. Бір күн бұрын биатлоншы қыз-жігіттер Пхенчханға аяқ басқан болатын. Қазір қысқы олимпиада өтетін қалада Қазақстанның штабы өз жұмысын бастап, төрт маман жан-жақтан келетін спортшыларды күтіп алып жатыр. Шорт-трек пен конькишілер жарысқа Жапониядан келіп қосылса, шаңғышылар ақ олимпиада астанасына еуропадан аттанады.
- Қазір біз екінші этаппен осы журналистер, қалғандары ұшып бара жатырмыз. Спортшылардың бәрі бекітілген тізіммен жоспар бойынша олимпиадалық қалашыққа келеді. Штабтың жұмысын айтатын болсақ әрине біздің ең басты міндетіміз сол спортшыларға жағдай жасап, уақытында күтіп алып, орналастырып, тамақ жағын қарастырып, оқу-жаттығу жұмыстары қай уақытта болады соның бәрін уақытын соларға жеткізіп, ақпарат беріп, қай уақытта жиналыс болады. Сондықтан бар жағдай жасаймыз спортшыларға. Олардың жарыстарға уақытында барып, жақсы деңгейде нәтиже көрсету үшін, - деді ҚР ҰОК спорт дирекциясының жетекшісі Елсияр Қанағатов.
Барлық жаңалықтарды осы сілтемеден оқыңыздар