Ақтөбеде жаңа босанған 28 жастағы ана көз жұмды

ҚазАқпарат
Үшінші деңгейлі перзентханада ана өлімі тіркелді.

Ақтөбе облыстық ауруханасы жанындағы перзентханада жас ана қайтыс болды. Сәби жансақтау бөлімінде ем алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үшінші деңгейлі перзентханада ана өлімі тіркелді. Қазіргі уақытта тәуелсіз сарапшылардан құрылған комиссия тексеру жұмысын бастады. Потологиялық зерттеу аяқталған соң қорытындысы қосымша хабарланады. Ана өлімі тіркелген соң ауруханадағы босану бөлімінің басшысы жұмыстан босатылып, қызметі төмендеді. Ана мен бала бөлімінің меңгерушісі өз еркімен қызметін босатты. Ол енді дәрігер болып жұмыс істейді. Комиссия қорытындысы прокуратураға беріледі», - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова.

Айта кетейік, ана өлімі тіркелсе, арнайы комиссия құрылып, қорытындысы міндетті түрде құқық қорғау органдарына жіберіледі. Прокуратура қылмыс белгісін анықтаса, сотқа жібереді.

«Қазір диагнозын айта алмаймыз. Ана мен бала бөлімінің меңгерушісі босандырып алған. Қызметі ақылы болмаған. Жас ана қалада тұрды. Жасы 28-де. Толғақпен перзентханаға жеткізілді. Туған-туыстары мен достарына көңіл айтамыз», - деді С.Есенаманова.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді