Өскеменде көмір шекті мөлшерде ғана беріліп жатыр

ҚазАқпарат
Ұзынсонар кезекте тұрған көліктің әрбіреуіне 3 тоннадан ғана тиеуге рұқсат етілген.

Өскеменнің Сол жағалау ықшам ауданындағы қоймада тұрғындарға көмір 3 тоннадан ғана беріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өскемен қаласы мен Зырян, Аягөз аудандарында көмір сатумен айналысатын «ВЭУС» ЖШС қара отынның әр тоннасын 8 мың теңгеден сатуда. Серіктестік директоры Иван Тимофеев көмір бағасының былтырғы деңгейде қалғанын айтады. Тек, ұзынсонар кезекте тұрған көліктің әрбіреуіне 3 тоннадан ғана тиеуге рұқсат етілген.

«Қаражыра кеніші көмірді келісімшартта көрсетілген мөлшерде босатпай отыр. Келісім бойынша кеніш біздің иелігіміздегі 14 орынға 18 вагон жеткізіп беруі керек болған. Оның орнына 11 вагон көмір түсті. Себебін бізге айтқан жоқ. Қалған екі қоймадағы жағдай да осындай. Сондықтан әр көлікке 3 тонна ғана көмір тиеуге мәжбүрміз», - дейді Иван Тимофоеев.

«Мен Қ.Қайсенов кентінен келдім. 10 шақырым жерден келіп тұрып, үш-ақ тонна көмір әкету қалтаға салмақ салады. Көліктің жалдау ақысының өзі 15-20 мың теңге. Соның кесірінен қара отынның әр тоннасы біздің аулаға екі есе бағамен жетіп жатыр. Күнде осы. 30-40 машина кезекте тұрады», - дейді Сайран Байұзақова есімді тұрғын.

Бұл мәселе қазіргі таңда қала әкімдігі мен облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының да назарында.

«ВЭУС» ЖШС-нің бізге берген ақпараты бойынша Қаражыра кеніші келісімде көрсетілген көмірдің 2000 тоннасын кешіктіруде. Осы мәселені анықтау үшін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ержан Қоңырбаев кеніш басына кетті. Көмірдің тапшылығымен қоса сапасына да сын айтушылар көп. Жылу қазандықтары тарапынан ауызша шағымдар түскен. Барлық мәселенің мән-жайын Ержан Қоңырбаев анықтайтын болады», - дейді энергетика және энергия үнемдеу бөлімінің бас маманы Аян Заманбеков.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін