Павлодарда күн сайын жеті тоннаға жуық қар қала сыртына шығарылады

www.pavlodarnews.kz
Жиналып қалған қарды жұмысшылар түнде тазалайды.

Павлодарда тәулігіне орта есеппен үштен жеті тоннаға дейін қар қала сыртына шығарылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің хабарлауынша, жиналып қалған қарды жұмысшылар түнде тазалайды. Павлодарда қаңтар айында шамамен 110 мың тоннадан астам қар қала сыртына шығарылды. Жүк көліктері қарды қалалық қоқыс аумағына және оған қарсы орналасқан полигондарға тасымалдауда. Аталмыш нысандар толып қалған жағдайда Шарбақты көпірінің артында орналасқан қосалқы аумаққа жіберіледі.

- Қазіргі таңда жаяу жүргіншілер жолындағы қар мен мұзды тазалауға баса назар аударылуда. Қаланың көшелерінде қар күнде жауғандықтан, тәулігіне 32 жүк тиегіш және түрлі модификациядағы 110 көлік жұмыс істейді, 3-7 мың тонна қар шығарылады, - деді Павлодар қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жол жөндеу бөлімінің басшысы Николай Казанин.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті