Арыс өзеніне ағып кеткен баланың мәйіті 6 күннен бері іздестіріліп жатыр

Stan.kz
Іздеу жұмыстарына 11 адам мен 2 техника, ТЖД жедел-құтқару жасағының 1 жүзу құралы жұмылдырылған.

Оңтүстік Қазақстан облысында 7 жасар баланың мәйіті әлі табылған жоқ, деп хабарлайды Stan.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 қаңтарда Арыс өзеніне ағып кеткен баланы іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

«Іздеу жұмыстарына 11 адам мен 2 техника, ТЖД жедел-құтқару жасағының 1 жүзу құралы жұмылдырылған. Ал, Отырар ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің 13 және ішкі істер басқармасының 7 қызметкері және 2 техникасы, жергілікті тұрғынар мен туыстарынан 10 адам іздестіруде», – делінген хабарламада.

Құтқарушылар 8 градус аязда Арыс өзеніне түсіп, 5 метрге дейін тереңдіктен іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әзірге нәтиже жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз