Алматы тұрғыны Атырауда науқас қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген

Атырау облысы ІІД
Жеңгетайлықпен айналысқан ер адам өз кінәсін мойындамады, сот үкіміне шағымдануға ниетті.

5 ақпанда Атырау қаласының №2 соты сырттан келген әйелдерді жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 48 жастағы Алматы қаласының тұрғынына сот үкімін шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақжайыққа сілтеме жасап.

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам оларды өзімен бірге алып келіп, пәтер жалдап, ол жерді жезөкшелер ордасына айналдырып, қыздардың жезөкшелікпен тапқан табысының көп бөлігін өзіне алып отырған. Оның "қамқорлығындағы" біреуі туберкулезбен ауырса, енді бірі 2016 жылдан бастап, "сифилис" диагнозымен тіркеуде тұрған.

Сот күдіктіні кінәлі деп тауып, ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабына («Қорқытып алушылық») сәйкес «қауіпсіздігі орташа мекемеде» 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қазір бұлай жалпы режимдегі колонияны атайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз