Сапарбаев: Ауыл әкімдері мен мектеп директорлары өздігінен «хан» болып алған

Аktobenews.kz
Өңір басшысы ауылдағы әкімдердің өздігінен әмір жүргізетіндігін сынға алды.

Облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін талдағанда өңір басшысы Бердібек Сапарбаев «ұйықтап жүретін әкімдерді» сынға алды. Оның сөзінше, ауыл әкімдері мен мектеп директорлары өздігінен «хан» болып алған, деп хабарлайды Аktobenews.kz.

«Өмір бойы әкім боламын деп ойлайды. Әрдайым айтамын, бұл әкесінің сатып алған қызметі емес. Ал бізде көптеген ауыл әкімдері мен мектеп директорлары хан болып алған. Ауылды өзінің жеке меншігі, мектепті өзінің меншігі деп отыра береді. Қазір ұйықтап отыратын заман емес! Ол дәуір баяғыда өтіп кетті», — деді Сапарбаев жиналған шенеуніктерге.

Содан кейін «Құлан» мен «Алтын асық» бағдарламаларын орындауда төмен көрсеткішке ие болған ауылдық округ әкімдері сөгіс естіді.

«Қолыңыздан келмей ме? Бірден айтыңыз. Қолыңыздан келмесе, онда «басқа жұмысқа барайын» деп мал бағыңыз», — деді Бердібек Сапарбаев Байтурасай ауылдық округінің әкіміне.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме