ТЖ комитеті Сырдария өзенінің тасуына қатысты түсініктеме берді

Sputniknews.kz
Қызылорда облысының Сырдария ауданында бөгет бұзылғаннан кейін төтенше жағдай режимі жарияланды.

Сырдария өзені тасығаннан кейін, жергілікті атқарушы органдар төтенше жағдай салдарын жоюға кірісті, деп мәлімдеді Sputnik Қазақстан ТЖК ресми өкіліне сілтеме жасап.

Бұған дейін Сырдария ауданының әкімдігі табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялаған болатын.

"Сырдария өзенінде су тасуының салдарын жою бойынша қызу жұмыс жүріп жатыр. Су деңгейінің көтерілуіне мұздың кептелуі себеп болған. Жеке тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарды су басқан жоқ", — делінген хабарламада.

Жергілікті атқарушы органдар төтенше жағдайдың салдарын жою және жағаны нығайту жұмыстары үшін 80 адам мен 16 ірі габаритті инженерлік техниканы тартты.

"Қазіргі таңда топырақ үйіліп, негізгі жерлерде судың тасуы тоқтатылды. Қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жақын маңдағы елді мекендерді су басу қаупі жоқ", — деп атап өтті Иманқұлов.

Қазіргі таңда жұмылдырылған адам күші мен техниканың арқасында биіктігі 1, ені 4-5 метр болатын 1,3 мың метр топырақ үйілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті