«Қазгидромет» РМК Қазақстан аумағындағы алдағы үш күнге, 10,11,12 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдағы күндердегі ауа райына әдеттегідей жоғары атмосфералық қысым алаңы ықпал ететін болады. Сондықтан демалыс күндері бірқалыпты аяз, түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз көптеген аймақтарда бұлт шыққанымен күн жылы болады.
Астанада 10 ақпанда көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз. Шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы күндіз минус 15-17 градус болса, күндіз -7-9 градусты көрсетеді.
Жексенбі күні Астанада көшпелі бұлт шыққанмен күн жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы күндіз минус 18-20 градус болса, күндіз -10-12 градусты көрсетеді.
Дүйсенбеіде көшпелі бұлт шыққанмен күн жауын-шашынсыз болады. Шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы күндіз минус 18-20 градус болса, күндіз -9-11 градусты көрсетеді.
Алматы қаласында 10 ақпанда күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Түнде -9-11°С, күндіз -1-3°С.
11 ақпанда да күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел 0-5 м/с. Түнде ауа температурасы -7-9°C, күндіз +1+3°C болады.
12 ақпан күні Алматыда күн райы көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел 0-5 м/с. Түнде ауа температурасы -5-7 °C, күндіз + 1 + 3 °C