Павлодарда құйрық майға жасырып түрмеге телефон өткізбек болған

ҚазАқпарат
Құйрық майдың арасынан қуаттандырғышымен бірге ұялы телефон шыққан.

Павлодарда тергеу оқшаулағышында отырған адамға қойдың құйрығына жасырып ұялы телефон жеткізбек болған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ІІМ ҚАЖ Комитетіне сілтеме жасап.

«Қамаудағы адамдардың біріне жіберілген сәлемдемені тексеру барысында пісірілген қойдың құйрық майының арасынан қуаттандырғышымен бірге ұялы телефон шықты», - деп хабарлайды ведомство.

Павлодардағы тергеу оқшаулағышының қызметкерлері келесі күні қораптағы шәйдің ішінен целофан орама тауып алды. Сот-медициналық сараптама табылған заттың салмағы 40 грамнан асатын марихуана екендігін нақтылады.

Алматы облысындағы Заречный кентінде орналасқан колонияның аумағына белгісіз адам түйіншек зат лақтырып кеткен. Бұл скотчпен оралған 4 ұялы телефон болып шықты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев бірден төрт заңға қол қойды

"Заң мен тәртіп": Оралда есірткіге қарсы күрес күніне орай ауқымды іс-шара өтті

Қазақстан колледждеріне құжат қабылдау мерзімі жарияланды: 140 мың грант бөлінген

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады