Мәтінді латын әліпбиіне аударудың ІТ қосымшасы әзірленеді

Sputniknews.kz
Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан жұмысты үйлестіру мақсатында "Тіл – қазына" орталығы құрылуда.

Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов латын әліпбиіне кезеңдеп көшу жоспарын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Бірінші кезең – 2018-2020 жылдар аралығы. Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша дайындық жұмыстары мен іс-шаралар жүргізіледі. Латын графикасы негізінде дұрыс жазу қағидалары, мәтінді латын әліпбиіне аударудың ІТ қосымшалары әзірленетін болады. Екінші кезең – 2021-2023 жылдар. Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын, жеке куәлігін және басқа да құжаттарды латын графикасы негізінде мемлекеттік тілде беруді қамтамасыз ету көзделіп отыр. Филологтар, ғалымдар мен лингвистерді тарта отырып, халықты үйрету үшін семинарлар, курстар ұйымдастырылады. Үшінші кезең – 2024-2025 жылдар аралығы. Мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдары мен мемлекеттік БАҚ және баспа басылымдардың айналымын латын графикасына кезеңдеп көшіру жоспарланған", — деді вице-министр үкімет отырысында.

Оның айтуынша, министрлік жанынан жұмысты үйлестіру мақсатында "Тіл – қазына" орталығы құрылып жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады