Әлемдік кино жұлдыздары Шығыс Қазақстан туралы фильмнің түсірілімін бастады. Еске салайық, аталған жобамен голливудтық компания Castle film мен қазақстандық кинокомпания айналысады. Түсірілім аймақтың тарихи-мәдени орындарында өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кино төрт бөлімнен тұрады: туристік кластер, Шығыс Қазақстанның өнеркәсібі, осы тұста экология мен Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы жөніндегі тақырып қозғалады.
- Қазір бүкіл әлем Қазақстанға қызығушылық тудырып отыр. Мұндай көзқарас Ірі көлемдегі көрмелер, фестивальдар өткізу арқылы қалыптасқан. Біз туристерді Қазақстанға тарту үшін жұмыс істеп жатырмыз, өйткені көшпелі өмір салты зерттеуге қызықты, - дейді продюсер Арман Асенов.
Актерлер өңіріміздің көз тартатын, әдемі жерлері туралы айтып, халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен, тарихымен танысады. Осылайша, жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтеді, оның мақсаты - қазақстандық мәдениеттің алуантүрлілігін және ерекшелігін көрсету. Киноның түсірілімі екі маусымда өтеді: қыста және жазда.
- Жазда Шығыс Қазақстанның табиғаты ерекше ашыла түседі. Бұл басқа туристік бағыттар мен өзгеше сұлулық », - деп атап өтті Арман Асенов.
Қазақстандық продюсердің айтуынша, жазда шығыс жеріне тағы бір жұлдыз қонады. Мүмкін, олардың қатарында Эдриен Броуди болады. Фильмді 2018 жылдың аяғында прокатқа шығару жоспарлануда. National Geographic мен BBC сияқты әлемдік арналардың эфирінде көрсетіледі. Голливуд жұлдыздары Өскемендегі «Нұртау» шаңғы курортына барып қайтты. Бай Линнің айтуынша, ол өмірінде үшінші рет шаңғы теуіпті. Дегенмен, бұл жақсы саяхат болып шықты.
- Мен Қазақстанға келген сайын, әрқашан күн жарқырап шығып, жылы болып тұрады. Мұнда барлық адамдар маған ұқсайды, бәрі қытайлықтар, - деп күлді Байн Лин, - Мұнда алғаш рет денсаулыққа пайдалы, керемет сусын - қымызды ішіп көрдім, бірақ дәмі онша емес екен. Алайда уақыт өте келе оны ұнатып кетемін деп ойлаймын.
Облыс әкімі Даниал Ахметов белсенді демалыстан кейін актерлердің делегациясына жергілікті жердің этнографиялық-тарихи мұражайына экскурсия жүргізді. Қонақтар киіз үйдің символдық мағынасынмен және оның негізгі бөліктерімен, сондай-ақ ежелгі Шығыс Қазақстанның табиғатымен, археологиясымен, тарихымен танысты.
- Таңғаларлық жағдай, Қазақстанның халқы осындай бай мәдениет пен тарихқа ие бола тұра, сондай қарапайым. Халықтың көшіп-қонып жүргеніне қарамастан, ерте ғасырларда қолөнер шеберлігі, металлургияның ерекше түрлері дамыған, - деп Марк Дакаскос өзінің әсерімен бөлісті.
Шетелдіктер ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты өте құрмет тұтатындарын айтып кетті.
- Қазақстан Президенті маңызды шешімдердің бірін қабылдады, ол - ядролық қарусыздандыру. Мен үшін бұл оқиға президенттің бірінші кезекте бейбітшілікті қалайтынын білдіреді. Ол халқының тек қана қазіргі өмірін емес, сонымен қатар болашағын да ойлайды. Алдағы 50 жылға жоспар құрып қойған президент, - дейді Кэри Тагава.
Үш күннің ішінде әлемдік деңгейдегі әртістер Марқакөл көліне, Риддер қаласына, Қоңыр-Әулие үңгіріне, Жидебай мемориалды кешеніне барып шығады. Жобаның продюсері Арман Асенов атап өткендей, болашақта бүкіл Қазақстан туралы айтып беру жоспарланып отыр.