Шымкентте пәтерден екі баланың мәйіті табылды

Полиция, полицейский, полицейские, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2026 09:57 Фото: polisia.kz
Шымкентте көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерде екі баланың қаза болуына байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы оқиғаға газ иісіне улану себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша тергеу жұмыстары басталды. Құқық қорғау органдары оқиғаны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу туралы бабымен саралаған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге газдан улану себеп болған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Шымкент қалалық Полиция департаментінің өкілдері.

Жергілікті "Otyrar" телеарнасының сайты хабарлағандай, қайғылы оқиға "Восток" шағынауданындағы бес қабатты үйдің пәтерінде болған. Қаза тапқандардың бірі – төрт жастағы ұл бала, екіншісі – 15 жастағы қыз.

Бұдан бөлек, оқиға салдарынан тағы үш адам зардап шегіп, шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: