Алматының орталығындағы пәтерден жезөкшелік притоны анықталды

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2026 11:24 Фото: unsplash
Алматы қаласының Алмалы ауданындағы көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерден жезөкшелікпен айналысуға арналған притон анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 8 қазанда қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайын жариялады.

"Алмалы ауданындағы Желтоқсан көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің біріндегі пәтер тұрғын үй ретінде пайдаланылмаған. Полицейлер ол жерден жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтады. Пәтерде екі әйел болған. Оның бірі – Қарасай ауданының 35 жастағы тұрғыны, екіншісі – Қостанай облысынан келген 20 жастағы танысы. Екеуі де ақша үшін интимдік қызмет көрсеткенін мойындады", – делінген хабарламада.

Әйелдер аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қазір осы дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаға қатысқан әйелдер мен пәтер иесінің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

Алматы қаласының Полиция департаменті азаматтарға жезөкшелікпен айналысу үшін тұрғын үйді әдейі беру де заңда белгіленген жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Бұған дейін, 2026 жылғы 5 қазанда Алматыда күдік тудырған тағы бір пәтер анықталғаны хабарланған болатын. Жалға алынған тұрғын үйге кірген полицейлер ол жерден 20 мен 35 жас аралығындағы төрт әйелді тапқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, олардың әрқайсысы белгілі бір міндет атқарған: біреуі әкімшілік жұмыстарға жауап берген, екіншісі тапсырыстар қабылдаған, ал қалған екеуі интимдік қызмет көрсеткен болуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: