Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының тұрғын алабында есірткі зертханасы анықталды

Алматының тұрғын алабында есірткі зертханасы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2024 10:55 Сурет: ҚР ІІМ
Зертхана Наурызбай ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен анықталды. Жедел уәкілдер, кәдімгі пәтерде есірткі зертханасын ұйымдастырған 29 жастағы ер адамды ұстады.

Тінту кезінде сұйықтық құйылған канистрлер, сұйықтық құйылған шыны банкалар, прекурсорлары бар 20 литрлік 8 канистр, электронды таразылар, респираторлар, ұнтақ заты бар жәшік және басқа да құрал-жабдықтар табылып, тәркіленді.

Сот-химиялық сараптама көрсеткендей, бұл шикізатты күдікті, синтетикалық мефедрон есірткісін жасау кезінде пайдаланған.

Есірткі бетбелгілерін де өз бетімен жасаған. Күдікті қамауға алынды.

"Есірткі өндіру және сату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабай.

Қазақстан ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: